«Жоралғы күні»
23 наурыз – «Жоралғы күні» .Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты аясында
бұл мейрамда ата-анаға, жақын туған-туысқа, достарына сый-сияпат жасап, қуанышқа бөлеп, адамды қуантуы тиіс деген насихат жүргізілді.
24 наурыз - Табиғат күні. Экологиялық бағыты бойынша оқушылар
өз үйлеріндегі өсімдіктерінің түрлерімен таныстырды.
25 наурыз Шымырлық пен шеберлік күні.
Салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спорт, физикалық жетілу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру мақсатында оқушылар спортзалға келіп ойындарға қатысты.
#қазақстанбалаларыкөктемшақырады
«Ұлттық тағамдар күні»
Оқушылардың көктемгі демалысы « Қазақстан балалары - көктем шақырады!» атты ұранмен басталды.
Әзірленген іс-шаралар жоспары аясында «Даналық пен білім күні» зияткерлік бағытында 20 наурыз күні бастауыш сынып оқушылары жанылтпаштарды жатқа айта білді. Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту.
21 наурыз күні - «Ұлттық тағамдар күні» деп аталды. Отбасылық тәрбиесі бағыты аясында оқушылар мереке қарсанында үйде жасалынған ұлттық тағамдардың тарихымен, дәстүрлі тағамдар түрімен бөлісті.
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
құндылықтар жүйесін қалыптастыру мақсатында ұлттық тәрбие бағытының шеңберінде орталықта ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға оқушылар белсенді қатысты.
#қазақстанбалаларыкөктемшақырады
[03:31, 16.04.2022] ꧁ Айгерим Мубараковна ꧂: 23 наурыз – «Жоралғы күні» .Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты аясында
бұл мейрамда ата-анаға, жақын туған-туысқа, достарына сый-сияпат жасап, қуанышқа бөлеп, адамды қуантуы тиіс деген насихат жүргізілді.
24 наурыз - Табиғат күні. Экологиялық бағыты бойынша оқушылар
өз үйлеріндегі өсімдіктерінің түрлерімен таныстырды.
25 наурыз Шымырлық пен шеберлік күні.
Салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спорт, физикалық жетілу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру мақсатында оқушылар спортзалға келіп ойындарға қатысты.
" Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де қоғамдық тыңдаулар
2022 жылдың 29 наурыз күні " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де қоғамдық тыңдаулар өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 1).3 тоқсан бойынша оқу- тәрбие процесінің қорытындысы. 2). Мектептің ішкі тәртіп ережелері. 3). 12-17 жастағы балалардың вакцинациясы. 4). Оқушылардың тасымалдауы. 5). Әр- түрлі сұрақтар. Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қарастырылғаннан кейін, ата- аналар жиналысы әр сыныпта сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен жалғасын тапты.
9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Мектептен 13 оқушы қатысты. Соның ішінде 1 -орынға Әділхан Дамир(қазақ тілі мен әдебиет), Тастемиров Аят (орыс тілі), Әлімқұлова Әсия (өзін-өзі тану) ие болды. 2 орынға Рахимова Самал (георграфия), Нұрғалиев Мадияр (Қазақстан тарихы). 3 орынға Қорғанбек Алуа(математика), Букенбаев Нұртуған(физика), Максутова Айымжан(қазақ тілі мен әдебиеті), Шекетаева Жанель (орыс тілі), Серікбай Данагүл ( ағылшын тілі), Тұрсын Әли ( Қазақстан тарихы). Оқушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.
1 орын алған оқушылар облыстық кезеңге өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады.
Әлібек Қуантыров Президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралардың жүзеге асырылуы туралы сөз болды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазіргі уақытта комиссия жасақталып, жаңа облыстарды құру жұмыстарының алгоритмі әзірленді.
Мнение членов АНК СКО о Послании Президента РК

СҚО ҚХА мүшелерінің ҚР Президентінің жолдауы туралы пікірі
Президент Жандарбек Мәлібекұлын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент Жандарбек Мәлібекұлын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мемлекет басшысы өз құттықтауында Жандарбек Мәлібековтің Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіне сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына амандық тіледі.
Қазақ халқының салт дәстүрлері
17 наурыз күні интернат тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті. Кеш барысында "Тұсау кесер", "Беташар", "Балаға аты қою", "Саумалық", Шашу" салттары көрсетілді.
Ұлттық ойындар ойналды.
Балтабай Аяулым "Наурыз" биін биледі, Нұралы Нұркелді "Мен қазақпын" атты әнің орындаса, Санай Аружан мен Құрман Камила "Наурыз көктем" әнің ортаға салды. Кішкентай ұлдарымыз ",Адай" биін биледі. Мерекелік кеш өте тартымды өтті.
Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен қазақ жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, драматург, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы мен өркендеуіне үлес қосқан қазақтың ұлы жазушысы Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, бай әдеби мұрасын насихаттау.
Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі
Көктем мерекесі қарсаңында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Наурыз мейрамын тойлау тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдар туралы кітаптар қойылды.
Наурыз-қазақтар үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де бес мың жылдан астам уақыттан бері атап өтіліп келе жатқан басты мереке. Наурыз-көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмір.
"Қош келдің, Наурыз"
19 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 5-11 сынып оқушылардың қатысуымен "Қош келдің, Наурыз" атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс- шара барысында салт- дәстүрлер, ән, би және ұлттық ойындар ойнатылды. Мереке оқушылардың көңілдерінен шықты.
"Бірлік пен келісім жолында"
19 наурыз күні 0-4 сыныптарда Наурыз мерекесіне арналған "Бірлік пен келісім жолында" атты сынып сағаттары өтті. Оқушылар қызығушылық танытып, белсенді ат салысты.
"Қош келдің, Наурыз"
16-18 наурыз күндері Новоишим қазақ орта мектебі жанындағы "Қызылжар" шағын орталығының барлық топтарда "Қош келдің, Наурыз" атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балалар ұлттық салт- дәстүрлерді тамашалап, ән айтып, би билеп бар өнерлерін ортаға салды.