«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
2022 жылдың 22 желтоқсан күні 8-сынып оқушыларымен жоспарға сай әлеуметтік ұстаз А.Н.Байбулатова ұйымдастырумен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыбында ZOOM платформасы арқылы пікір пікірталас өткізілді.
«Мамандық-менің болашағымның таңдауы» тақырыбында тренинг
21 желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіби бағдар беруші Т.Б Сердалина ресурс мектебінің 10-11 оқушыларымен «Мамандық-менің болашағымның таңдауы» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: түлектерге мамандықты дұрыс таңдауға көмек беру, өздеріне сенімділіктерін арттыру. Сабақ тренинг төмендегідей реттілікпен өтті: 1. «Суретті аяқтау» 2. «Есте сақта » 3. «Мамандықты тап» 4. Ең - ең... (ойын) 5. Эксперимент 6. Құралдарына байланысты мамандықтарды табу. 7. Жұмбақтар шешу Тренингтің қорытынды бөлімінде оқушылар бір-біріне тілектерін жүрекшелерге жазып естелікк алып қалды.
Дебат

Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бірден - бір жолы. Ел ертеңі болатын жастардың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды.

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де дебатқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында білім алушылар арасында жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

2022 жылдың 19 желтоқсанында «Ойдария» пікірсайыс клубының мүшелері 11 сынып оқушысы Бөкенбай Нұртуған мен 10 сынып оқушысы Ахметов Мирас Б.Н. Рамазанованың жетекшілігімен пікірсайыс ойындарының облыстық іріктеу кезеңіне алғаш рет қатысып , ойын қорытындысы бойынша 16 қатысқан команда ішінде жартылай финалға шықты.

2022 жылдың 24 желтоқсанында онлайн форматта өткен облыстық дебат ойындарының жартылай финалына 11-сынып оқушылары Бөкенбай Нұртуған мен Шарбекова Мадина 8 командамен сайысқа түсті. Нәтижесінде қатысушыларымыз финалға өте алмаса да, оқушылардың өздерін ұстауы, сөйлеу мәдениетi мен сөз алу тәртiбi бойынша дебатқа деген үлкен дайындықтары байқалып тұрды.

Бұл ойындарда жеңіске жету емес, қатысу маңызды. Бұл - тамаша тәжірибе деп санаймыз!

«Оқуға құштар мектеп»

2022 жылдың 23- ші желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 8 - сынып оқушылар арасында «Кітаппен серуен» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларды жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

«Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны

2022 жылдың 14 желтоқсан күні "Адал ұрпақ" клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өтті.

Іс-шараның басты мақсаты –мемлекеттің «сервистік алаң» екендігін көрсету.

Адал ұрпақ клубының мүшелері оқушыларға түсіндіріп қана қоймай,оны іс жүзінде көрсете білді.Мысалы, егов бағдарламасы қызмет көрсету көлемін кеңейтіп және олардың сапасын арттыра отырып, екінші жағынан-ресурстарды үнемдей отырып , мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жеңілдетеді және мемлекеттік секторға қарама - қайшы талаптарды орындауға көмектеседі.Қазіргі таңда үйден шықпай-ақ өзіңізге керекті құжаттарды таба аласыз.

"Тәуелсіздік- тұғырым"
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де ҚР Тәуелсіздік күніне орай 2022 жылы желтоқсан айының 12-15 аралығында 1-11сыныптарда "Тәуелсіздік- тұғырым" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
«Аяқтары мен қолдары» тренинг
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні мектеп Президенті Н.Шарбекова және өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен 2-3 сыныптар арасында «Аяқтары мен қолдары» тренинг өтті. Мақсаты:оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау. Нәтижесінде оқушылар тренингке белсене қатысып, жақсы көңіл-күй алды.
«Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны
2022 жылдың 14 желтоқсан күні "Адал ұрпақ" клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өтті.
Іс-шараның басты мақсаты –мемлекеттің «сервистік алаң» екендігін көрсету.
Адал ұрпақ клубының мүшелері оқушыларға түсіндіріп қана қоймай,оны іс жүзінде көрсете білді.Мысалы, егов бағдарламасы қызмет көрсету көлемін кеңейтіп және олардың сапасын арттыра отырып, екінші жағынан-ресурстарды үнемдей отырып , мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жеңілдетеді және мемлекеттік секторға қарама - қайшы талаптарды орындауға көмектеседі.Қазіргі таңда үйден шықпай-ақ өзіңізге керекті құжаттарды таба аласыз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған кітап көрмесі

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: тарих контекстіндегі қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихын; Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын көрсету.

Шахмат ойыны

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, "Балалар жылы- 2022" және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мен шахмат ойынын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 12 желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 2-11 сыныптар арасында Алгожина А.Қ, Узаков Е.Н. және Көкқыз Х жетекшілігімен шахмат ойынынан мектепшілік олимпиада өткізілді.

Ойын үлкен қызығушылық тудырды. Өткізілген ойын қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын: Талғатова Гаухар 5а сынып

2-орын: Бексейтов Амир 3 ә сынып

3-орын: Ерден Мәдимухамет 4 ә сынып

1-орын: Ахметов Аблай 10 а сынып

2-орын: Ахметов Мирас 10 а сынып

3-орын: Юсуп Арнат 9 а сынып

Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай "Сұлу сөздің зергері" облыстық байқау
2022 жылдың 09 желтоқсан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай "Сұлу сөздің зергері" облыстық байқау өтті. Сонымен қатар жазушы ағамыздың атындағы кабинет ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі С.М. Мухамедиев және ауданымыздың құрметті азаматтары шақырылды. Байқауға облысымыздың 10 ауданынан 45 оқушы қатысты. Нәтижесінде жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Атап айтсақ, біздің мектеп оқушылары қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Жолдасбаева Г.М, Рамазанова Б.Н, Амангельдиева А.М жетекшілігімен " Театр- хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер" театрланған қойылымда 2 жүлделі орынға ие болды. Іс- шара барысында шағын концерттік бағдарлама және мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара
2022 жылдың 12 желтоқсан күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша педагог психолог М.А.Берденова, 10 сынып жетекшісі К.М.Карабаева, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторы А.О.Казезов және полиция майоры Руслан Сергеевич Ураковпен бірігіп "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.