Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті.

2023 жылдың 16 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті. Іс- шара барысында ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме айтылды. Сонымен қатар Ұлыстың ұлы мерекесінде екі кішкентай егіз ұл балалардың тұсауы кесіліп, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар және ата- аналар арқан тартудан, би, өлеңдерден бақ сынасты. Жалпы оқушылар мен ата-аналар мерекелік іс- шараға аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды.
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйлері керемет болды! Әріптестерімізді, ата-аналарымызды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

"Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті

Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлттық мерекені шағын орталықта атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида.
Осындай игі іс- шара «Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті. Бұл дәстүрлі шараға «Балапан», «Балдырған», «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, би билеп, ән салып, ұлттық ойындар, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, таң қалдырды. Іс-шара көңілді ән мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. Өнерлі тәрбиешілеріміз «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Шара соңында балалар арнайы дайындалған дастарханнан ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты.

Мектепалды даярлық тобында Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.

Мектепалды даярлық тобында Наурыз мерекесіне  арналған   «Қош келдің, әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.  Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Наурыз туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, ұлттық ойындар ойнап,  Наурыз мерекесі туралы кеңінен мағлұмат алды. Мерекелік  дастархан  жайылып,  балалар ұлттық тағамдар туралы көптеген  мағлұматтар алды. Сонымен қатар даярлық  тобының тәрбиеленушісі  Измағанбетов Ернар  ақ батасын жолдады.

"Мен-анамын, ұрпағын әлдилеген" атты аналар сайысы

Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту, «Отбасы-орта мектеп»,  "Ана мектебі"  жобасын іске асыру мақсатында,  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  8 наурыз Халықаралық әйелдер күні аясында 2023 жылы 6 наурыз күні  "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де  тәрбие   ісі орынбасары А.Е. Ргебаеваның жетекшілігімен  5-8 сыныптарының арасында "Мен-анамын, ұрпағын әлдилеген" атты аналар сайысы өткізілді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Сайыс нәтижесінде 1 орынға  7 "А" сыныбының анасы Нурымбетова Айгерим Джумагазиевна, 2 орынға 6"Б" сыныбының анасы Закирьянова Гульжан Игибаевна, 3 орынға 8 "Ә" сыныбының анасы Ерденова Гульмира Мурзабековна ие болды.

Шежіре күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де "Рухани жаңғыру" бағдарламасын, "Мектеп пен ата- ана" жобасын іске асыру, ұлттық салт – дәстүрлерді, еліміздің мақтаныштарының үлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен " Ұлттық салт- дәстүрлер" фестивалі өтті

2023 жылдың 15 наурыз- Шежіре күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де "Рухани жаңғыру" бағдарламасын, "Мектеп пен ата- ана" жобасын іске асыру, ұлттық салт – дәстүрлерді, еліміздің мақтаныштарының үлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен " Ұлттық салт- дәстүрлер" фестивалі өтті. Іс- шара барысында 9 салт- дәстүр:"Шілдехана", "Балаға ат қою", "Бесікке салу", "Түсау кесер", "Тілашар", "Қыз ұзату", "Сырға салу", "Келін түсіру", "Құйрық бауыр", сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындар: "Тоғызқұмалақ" "Қол алмасу" "Арқан тарту" және Қазағымның дәстүрлері- ай", Құтты болсын, әз Наурыз" атты өлеңдер айтылып, барлық қатысушыларды біріктірген "Қара жорға", "Қазақша" би орындалды. Іс- шара өте ауқымды болып, көрермендердің, қатысушылардың, ата- аналардың көңілдерінен шықты.
#наурызмейрамы

Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесі

Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған.
Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған биылғы жылдың күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде мектебімізде төл тағамдарымыз молынан жасалды. Сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері жасалынып, әкелінді.
Ұлттық тағамдар күніне белсенді ат салысқан Новоишим қазақ орта мектебінің ата- аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Ұлттық-мәдени тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық!

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста оқу» акциясына 6«б» сынып оқушылары Шарбекова Аяулым, Кеншінбай Алтыным, Нұрғазы Нығмет қатысты.
Сынып жетекшісі Амангельдиева А.М.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста оқу» акциясына 5«ә» сынып оқушылары Адильбекова Адия, Дулат Арай қатысты.
Сынып жетекшісі Мусаибова Г.Т.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста оқу» акциясына 8«а» сынып оқушылары Аяған Мерей, Қанат Айым қатысты.
Сынып жетекшісі Тания Ахмет

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста оқу» акциясына 1«ә» сынып оқушылары Асқарбек Айзере, Советхан Жантөре қатысты.
Сынып жетекшісі Амиржанова Г.Е.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста оқу» акциясына 1«ә» сынып оқушысы Жолымбетова Жансая қатысты.
Сынып жетекшісі Амиржанова Г.Е.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста оқу» акциясына 4«а» сынып оқушылары Рүстем Аида, Шайқат Назерке, Таскалиева Нұрдана қатысты.
Сынып жетекшісі Нурахметова К. Ж.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті.
16.03.2023
7.jpg
"Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті
16.03.2023
7.jpg
Мектепалды даярлық тобында Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.
16.03.2023
7.jpg
"Мен-анамын, ұрпағын әлдилеген" атты аналар сайысы
15.03.2023
7.jpg
Шежіре күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де "Рухани жаңғыру" бағдарламасын, "Мектеп пен ата- ана" жобасын іске асыру, ұлттық салт – дәстүрлерді, еліміздің мақтаныштарының үлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен " Ұлттық салт- дәстүрлер" фестивалі өтті
15.03.2023
7.jpg
Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесі
15.03.2023
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
10.01.2023
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
10.01.2023
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
09.01.2023
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
09.01.2023
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
09.01.2023
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
08.01.2023