Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

«Тоғыз ай 9 іс-шара» тұжырымдамасы

«Тоғыз ай 9 іс-шара» тұжырымдамасына сәйкес 2023 жылдың 12 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Ғылым күніне орай республикалық бірыңғай шахматшылар челленджі өтті. Іс-шараға 2-11 сынып оқушыларынан 35 оқушы және ұстаздар қатысты. Қарсыластарымен күресу кезінде оқушылар шахмат ойыны әртүрлі және бір қарағанда оңай көрінбейтінің көрсетті. Бұл бәсекелестік өзін-өзі басқаруда, логикада, сондай-ақ жаудың қимылдарын есептей білуде. Ойын үлкен қызығушылық тудырды. Өткізілген ойын қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

7-11 сынып арасында:

1-орын: Карамандинов Алмас 11а-сынып

2-орын: Ахметов Мирас 10ә-сынып

3-орын:.Қабдұлсултан Бейбарыс 7ә-сынып

2-3 сынып арасында

1-орын:Амантаев Иманали 2ә-сынып

2-орын:Алғожа Ернияз 3а- сынып

3-орын:Жаслан Акерке 3 а - сынып

"Ойдария" пікірсайыс

2023 жылдың 5 сәуір күні аудандық дебат ойындарына мектебіміздің "Ойдария" пікірсайыс клубының белсенді мүшелері 9 ә сынып оқушысы Серікбай Меруерт және 8 а сынып оқушысы Шарбекова Нұрайым қатысты. Турнир барысында оқушылар өздерінің шешендік қабілеттерін көрсете білді.

"Новоишим қазақ орта мектебі"КММ жанындағы Қызылжар шағын орталығында "Балақайлар әлемі" атты апталықтың ашылу салтанаты өтт

2023 жылдың 10 сәуірінде "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ  жанындағы Қызылжар шағын орталығында "Балақайлар әлемі" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Салтанатты ашылу балақайлардың  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  әнұранын орындаудан басталды.  Сондай соң әр топтың тәрбиешілері балақайлармен    шығармашылық жұмыстар өткізді. Мектеп психологы Жахина А.М. ересек "Жұлдыз" тобы және мектепалды даярлық сыныптармен ойын- тренингтерін жүргізді.

Кәсіптік бағдарлау жұмысы

2023 жылдың 11 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 11 сынып оқушыларына Қостанай қаласындағы Байтұрсынов университеті кәсіптік бағдарлау жұмысымен келді. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедра меңгерушісі Салыков Б.Р және техника ғылымдарының докторы, профессор Курманов А.К университет туралы толық ақпарат берді. Оқушыларды қызықтарған сұрақтарға жауап берді.

"Көңілді" ойындар

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде апталық аясында "Балапан" кіші топта Танымдық және зияткерлік дағдыларды қалыптастыру бойынша тәрбиеші жас маман Ергалиева Шнар Саяновна бастаған сенсорикадан "Көңілді" ойындар атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметі бала үні ескеріліп бірлескен дербес іс-әрекет барысында жүргізілді. Перспективтік жоспардағы міндетке сәйкес циклограмма жасақталып дидактикалық ойын арқылы тәрбиеленушілер уақыттарын қызықты өткізді. Оқу қызмету өту барысында тақырыпқа сәйкес сергіту сәті ұйымдастырылып, заманауи технологияларды қолдана отырып әр іс-әрекетке бүлдіршіндер белсене қатысты. Іс-әрекет соңында балалар өздерін және достарын қимыл-әрекетпен бағаласа, тәрбиешінің тарапынан әрбір баланың істері смайлик арқылы бағаланып отырды. Оқу қызметі қатысқан тәрбиешілер мен балаларға өте ұнады.

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің 9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты

2023 жылдың 7 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің  9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты. Бұл іс-шарада балалар колледж ғимаратына саяхат жасап, оқу және өндірістік кабинеттермен, колледждің жабдықталған техникалық базасымен танысты. Колледжде оқытылатын және жаңадан ашылатын мамандықтар, жатақхана, төленетін шәкіртақы туралы мағлұмат алды. Кездесудің соңы студенттер ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен аяқталды. Іс- шара ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы

2023 жылдың 7 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1). Менің идеальды ұжымым.Дөңгелек үстел.
Мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне әсері.Кеңес.
/ Мектеп психологтары Берденова М.А., Жахина А.М./
2.)Суицид және жасөспірім / Берденова М.А./
3). 2023 жылғы 3 наурыздағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды мектепішілік есепке алу» №61 бұйрығымен танысу. /Әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н./
4).Сыныптағы тәрбие жұмысының мониторингі / ТІО Амиржанова Б.К./
5).Әр-түрлі сұрақтар
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды, сондай-ақ пікірлер тыңдалды, ұсыныстар берілді.

Жас мамандар арасындағы "Толағай" эстафетасы

07.04.23 ж. “Жас маман” қауымдастығының ұйымдастыруымен  Новоишим Қазақ Орта Мектебінде “Толағай” эстафетасы өтті. Аудан және ауыл мектептерінің жас мұғалімдері қатысып, өздерінің спорттық бесенділігін көрсетті.

"Балалар кітап апталығы"

2023 жылдың 3 – 7 сәуір аралығында "Балалар кітап апталығы" аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасы

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасын іске асыру мақсатында  2023 жылдың 6 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар беруші Сердалина Т.Б 11 сынып оқушаларының арасындағы ветеринария мамандығын таңдаған оқушыларды аудандық ветеринариялық станцияға кәсіптік бағдарлау мақсатында апарды. Оқушыларды станциясының директоры Жазитов Қ.З қарсы алып, мекеменің ішіне шолу жасады. Мекеме қызметкерлерінің жұмысы, атқаратын қызметі, міндеттері туралы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Осы жерде аудан бойынша үй жануарларына медициналық қызмет көрсетіледі.

«Білгірлер сайысы

2023 жылдың 3 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Мектеп Президенті Шарбекова Нұрайым және Мектеп Парламент мүшесі Ахметжанов Мадияр ұйымдастыруымен алтыншы сыныптар арасында «Білгірлер сайысы»өтті. Мақсаты:
1. Білімділік: Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.
Сайыс үш кезеңнен өтті.Бірінші кезең логикалық сұрақтарға жауап беру.Екінші кезең мақал-мәтелдерді жалғастыру,үшінші кезең сурет бойынша жағдаят құрастырып,шешімін қарсылас топ шешу.Содан кейін эмодзи арқылы мультфильм атауын анықтау ойыны болды.Балалардың барлығы белсене қатысты.

Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 1 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың бірінші бөлімінде келген ата-аналар тіркеуден өткеннен кейін мектебіміздің мұражайымен, фотокөрме арқылы 3 тоқсанның окү-тәрбие жұмысының нәтижелерімен танысып, мектеп оқушылары дайындаған 3 музыкалық нөмерлерін тамашалады.
Жиналыстың екінші негізгі бөлімінде әрбір ата-анаға әр пән мұғалімімен, сынып жетекшісімен , психолог, әлеуметтік педагог, мектеп әкімшілігімен бетпе-бет кездесіп, 3-тоқсанның қорытындысын білуге, сонымен қатар өз баласының сыныпта да, оқу іс-әрекетінде де күшті және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік берілді.
Жиналыстың сонында әр ата-ана кері байланыс ретінде ұсынылған жапырақтарға жиналыстың өтуі туралы өз пікірлерін жазып, ағаштарға жабыстырып кетті.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
«Тоғыз ай 9 іс-шара» тұжырымдамасы
11.04.2023
7.jpg
"Ойдария" пікірсайыс
11.04.2023
7.jpg
"Новоишим қазақ орта мектебі"КММ жанындағы Қызылжар шағын орталығында "Балақайлар әлемі" атты апталықтың ашылу салтанаты өтт
10.04.2023
7.jpg
Кәсіптік бағдарлау жұмысы
10.04.2023
7.jpg
"Көңілді" ойындар
10.04.2023
7.jpg
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің 9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты
07.04.2023
7.jpg
Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы
07.04.2023
7.jpg
Жас мамандар арасындағы "Толағай" эстафетасы
07.04.2023
7.jpg
"Балалар кітап апталығы"
06.04.2023
7.jpg
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасы
06.04.2023
7.jpg
«Білгірлер сайысы
03.04.2023
7.jpg
Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
01.04.2023