Ресурстық орталығының Шұқыркөл орта мектебінің 9-сынып оқушыларына «Буллинг.Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқылы»атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың 17 қазан күні жоспарға сәйкес әлеуметтік педагог А.Байбулатованың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларымен бірге Ресурстық орталығының Шұқыркөл орта мектебінің 9-сынып оқушыларына «Буллинг.Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқылы»атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлерін, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.Оқушыларға Буллингтің түрлері туралы ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Және оқушылармен викториналық ойындар ойнатылды. Жалпы 42 оқушы қамтылды.
Зорлық-зомбылық пен буллинг: Қазақстанда сенім телефоны іске қосылды.
Зорлық-зомбылық пен буллинг: Қазақстанда сенім телефоны іске қосылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетіледі. Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді
7-9- сынып оқушыларына «Электронды темекі туралы мифтер мен шындық" тақырыбында пікірталас өткізілді
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың 13 қазан күні жоспарға сәйкес әлеуметтік педагогтар А.Алгожина мен А.Байбулатованың ұйымдастыруымен 7-9- сынып оқушыларына «Электронды темекі туралы мифтер мен шындық" тақырыбында пікірталас өткізілді.Мақсаты: Оқушыларға өркениетті елдің әрбір азаматының бойына темекі шегудің болашақ ұрпақтың денсаулығына зиян екенін ұғындыру. Электронды темекі туралы бес миф бес шындық туралы ақпараттар берілді. Жалпы 80 оқушы қамтылды.
8-9 сынып оқушылар үшін «Электрондық темекіден бас тардудың себептері» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
2023 жылдың 12 қазан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де әлеуметтік ұстаз Алгожина А.К., медбике А.К.Жарасбаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылар үшін «Электрондық темекіден бас тардудың себептері» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға темекі шегу- болашақ ұрпақтың денсаулығына зиян екенін ұғындыру.
Әңгіме барысында оқушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.
Медициналық қызметкер әңгімесін аяқтағаннан кейін, оқушыларға ақыл-кеңес брошюраларын таратты. Жалпы 72 оқушы қатысты.
9-11 сынып оқушыларымен аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Даурен Маулиевич Ибраевпен кездесу ұйымдастырылды.
Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 06 қазан күні әлеуметтік педагог А.Н.Байбулатованың жетекшілігімен 9-11 сынып оқушыларымен аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Даурен Маулиевич Ибраевпен кездесу ұйымдастырылды. Дәріс барысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері", «Буллингтің алдын алу», интернет желісіндегі ойын сауық туралы дәріс өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту; қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу, тәртіптерін сақтау, оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдыңдағы жауапкершілікті арттыру. Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілік түрлерімен, және кәсіптік бағдар беру мақсатында ішкі істер бөліміне, құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібімен таныстырылды. Жалпы 85 оқушы қамтылды.
«Халық денсаулығына және адамгершіліке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты ақпараттық бұрышы безендірілді
Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың қыркүйек айы бойы әлеуметтік педагогтардың ұйымдастырылуымен мектебіміздің бірінші қабатында «Халық денсаулығына және адамгершіліке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты ақпараттық бұрышы безендірілді. ҚР ҚК 296-бабы бойынша есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, ҚР ҚК 297-бабы есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, ҚР ҚК 299-1 бабы есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау және ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ КЕҢЕС ақпараттар көрсетілген.
«Теміржол көлігінің қауіптілігі» жол қозғалысы ережелерін туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 26 қыркүйек күні әлеуметтік педагогтардың ұйымдастырылуымен 2 - 4, 5 сынып оқушыларына Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігі «Теміржол көлігінің қауіптілігі» бірнеше қағидалары, жол қозғалысы ережелерін туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. 93 оқушы қамтылды.
Серикпаева Диана Ерланқызы 7-11 сынып қыздарымен «Ерте неке, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді.
2023 жылдың 25 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де салауатты өмір салты кабинетінің маманы Серикпаева Диана Ерланқызы 7-11 сынып қыздарымен «Ерте неке, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында әңгіме өткізді. Дәріс барысында қыздарға қатысты қажетті ақпараттар мен кеңестер берілді. Барлығы 66 қыз оқушы қамтылды.
Сынып жетекшілердің №1 әдістемелік отырысы
Біртұтас_тәрбие
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 8 қыркүйек күні мектеп директорының тәрбие ісі жөнінде орынбасары Б.К. Амиржанованың жетекшілігімен сынып жетекшілердің №1 әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асырылуы туралы.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2023-2024 оқу жылындағы ерекшеліктері /ТІО Амиржанова Б.К./
2. Психологиялық қызметінің ұйымдастырылуы/ Психолог Берденова М.А., Сердалина Т.Б., әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н./
3. Үйірме, секциялар жұмысы; ашық тәрбие сағаттар, НОБД туралы
/ ТІО Ргебаева А.Е./
4. Әр-түрлі ұйымдастырушы сұрақтар
Нәтижесінде әдістемелік ұсыныстар беріліп, шешімдер қабылданды.
Педагог қызметкерлерін 2023-2024оқу жылында марапаттауға ұсыну туралы

"СҚО әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ-нің

2023 жылғы «4» қыркүйектегі

№ 2 кіші педагогикалық кеңесі хаттамасының көшірмесі.

Күн тәртібі:

Педагог қызметкерлерін 2023-2024оқу жылында марапаттауға ұсыну туралы

ТЫҢДАЛДЫ: Мектеп директоры міндетін атқарушы А.Ргебаева.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі Ахмет Тания

Мектеп директоры міндетін атқарушы А.Е. Ргебаева сөзінде: Нугуманова Агайша Коспановна Новоишим қазақ орта мектебінде 2006-шы жылдан бастап математика мұғалімі болып жұмыс істейді. Педагог – зерттеуші санаты 2018 жылы берілді.

Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған салтанатты жиын
#біртұтас_тәрбие
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Гуманитарлық бағытының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Дүйсенбин Е.Б. мектеп оқушыларын іс-шара жоспарымен таныстырып, барлықтарын белсенді қатысуға шақырды. Іс-шара барысында ағылшын, орыс және қазақ тілінде тақпақтар оқылды, күйлер орындалды. Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушыларды үштілдікке үйрету барысында жан-жақты көзқарасын дамыту.
Білім күніне арналған «Кел балалар, оқылық» атты салтанатты іс – шара
2023 жылдың 1 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Білім күніне арналған «Кел балалар, оқылық» атты салтанатты іс – шара өтті. Білім әлеміне алғаш рет 38 оқушы қадам басты. Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Мемлекеттік туды енгізу құқығы 9 ә сынып оқушысы Елемесов Нұрболат, 10 а сынып оқушысы Жылқайдар Шынғыс және 8 А сынып оқушысы Боранбай Таирге берілді. Салтанатты іс-шарадан кейін 1-11 сыныптарда «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сонымен қатар балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан не күтетіндерін талқылау мақсатында 5-7 сынып оқушылары «Жазғы каникулдан жарқын естелік», «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім» тақырыбында республикалық челленджіне белсенді қатысты.