Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

"Ұлт келбеті-жас маман" аудандық жас мамандар ассоциациясының қорытынды слеті

2024 жылдың 17 мамырында "Привольное орта мектебі" КММ де  аудандық жас мамандар ассоциациясының қорытынды слеті болды. Аталмыш іс-шарада "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ нің ұстаздары: Тания Ахметқызы мен Төрегелді Мадина Асқарқызы "Креактивті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту" тақырыбында, Киргизбай Аяулым Бақытжанқызы мен Садық Алтын Булатқызы "Сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу тәсілдері" тақырыбында жас мамандарға арнап мастер-класс өткізді. Іс-шара қорытындысы бойынша ұстаздарымыз сертификаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!

“Өнер, Әскер, Спорт” апталығы бойынша винтовкадан ату сайысы

2024 жылдың 18 сәуір күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-нің 10-11 сыныптар оқушылары арасында “Өнер, Әскер, Спорт” апталығы бойынша винтовкадан ату сайысы өтті.
Мақсаты:
-әскери мамандықтарды дәріптеу;
-білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру деңгейін арттыру.
Винтовкадан ату сайысында оқушылар мадақтама қағаздармен , медальдармен марапатталды

М. ЖМағжан Жұмабаевтың 120-жылдығына орай “Мағжан жырлары” атты мектепішілік мәнерлеп өлең оқу байқауы

2024 жылдың 18 сәуір күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де М. Жұмабаевтың 120-жылдығына орай “Мағжан жырлары” атты мектепішілік мәнерлеп өлең оқу байқауы өтті. Байқау аясында қатысушылар өздері тандап алған Мағжан Жұмабаевтың кез келген 2 өленің жатқа оқыды.
Мақсаты: балалар арасында кітап оқуды насихаттау; балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту; өскелен ұрпақтың шығапмашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау.
Нәтижесінде 11-17 жас аралығында 1 орынға 5 оқушы ие болды, олар:
1.Шеныбаева Аяжан- 6 ә сынып, Ербулат Маржан-6 б сынып, Айтбай Тлеген- 7 А сынып, Шарбекова Аяулым- 7 ә сынып, Шарбекова Нұрайым-9 а сынып.

2-ші орын - Құраған Аяна- 6 б сынып, Маханбет Балнұр- 6 б сынып, Амангелді Қарақат-8 а сынып, Дастанқызы Мадина- 8 а сынып, Серікбай Аблай-8 а сынып.
1 орынға ие болған оқушылар Мәдениет үйінде өтетін аудандық байқауға қатысуға жолдама алды.

Ресурстық орталыққа кіретін Шұқыркөл орта мектебінің 8 – 9 сынып оқушыларымен жоспарға сай «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында онлайн түрде пікір талас өткізді

2024 жылдың 17 сәуір күні әлеуметтік педагог Байбулатова А.Н.  Ресурстық орталыққа кіретін  Шұқыркөл орта мектебінің 8 – 9 сынып оқушыларымен жоспарға сай «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында онлайн түрде пікір талас өткізді. Мақсаты: балалардың бойында жақсы әдетті қалыптастырып, жаман әдеттен аулақ жүруге, әрдайым жақсылық жасауға тәрбиелеу, қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушыларға «жақсылық» дегеніміз – мейірімділік, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу  туралы ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді.

12 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «9 айға - 9 іс-шара» жобасы аясында «Шахмат ойнау» челленджі өтті.

Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады.

2024 жылдың 12 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «9 айға - 9 іс-шара» жобасы аясында «Шахмат ойнау» челленджі өтті.

Мақсаты: оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту,
шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру;
челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту; еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.

Кәсіптік бағдар апталығы

Кәсіптік бағдар-бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет. 8 ақпан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар беруші Сердалина Т.Б саптүзеуде оқушыларға  8.04-12.04 аралығында өтетін Кәсіптік бағдар апталығының жоспарымен таныстырды.

«Мектеп-ата-ана-оқушы»

Ұрпаққа тәлім беруде білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана жане оқушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытса, оң нәтижеге қол жеткізу аса қиынға соқпайды.
Осы орайда мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қою мақсатында 2024 жылдың 28 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Мектеп-ата-ана-оқушы» тақырыбында ата-аналар алдында қоғамдық тыңдаулар өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

1. 3- тоқсан нәтижелері /ОІО Жолдаспаева Г.М./
2. Мектептің ішкі тәртіп ережелері / ТІО Амиржанова Б.К./
3. «Күйзелістен шығу жолдары» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында /психолог Берденова М.А./
4. Көктемгі қауіпсіздік ережелері / ТІО Амиржанова Б.К./
5. Әр түрлі сұрақтар

Қаралған мәселелердің нәтижесінде шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.

“Мектеп ұжымының біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру” тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес

2024 жылдың 27 наурыз күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де “Мектеп ұжымының біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру” тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1.ҚР білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы / ТІО Амиржанова Б.К./
2.3- тоқсан қорытындысы / ОІО Жолдаспаева Г.М/
3.Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері / ОІО Қайыржан Д.Қ./
4.Дене шыңықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру / дене шынықтыру пәні мұғалімі Узаков Е.Н./
5.Әр түрлі сұрақтар
Қаралған мәселелердің нәтижесінде шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.

#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ

#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ
2024 жылдың 22 наурыз күні орталық алаңда өткен Наурыз мейрамына
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің мектеп ұжымы белсене қатысып, мереке қатысушыларға киіз үйді безендіріп, қайырымдылық дастарханын жайды. Мақсаты: ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.

«Жаса, Наурыз, дәстүрлі»

#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ#
2024 жылдың 20 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Наурыз мерекесіне арналған «Жаса, Наурыз, дәстүрлі» атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шара барысында «Адай күйі» , «Төрлет, Наурыз» , «16 қыз» атты әндері орындалып, «Беташар», «Қоныс той » салт-дәстүрлері көрсетілді. Мерекелік бағдарламаның 1-ші бөлімі жанға жағымды, тәнге пайдалы «Қара жорға» биімен аяқталды.
Бағдарламаның 2-ші бөлімінде «Шынықсан, шымыр боласын!» ұранымен ойнатылған «Арқан тарту», «Оқтау тартыс», «Асық ату», «Аударыспақ» ұлттық ойындары мерекенің шырайын келтірді.
Мерекелік бағдарламаның сонында оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, дайындалған наурыз көжеден, ыстық палаудан, бауырсақтан дәм татып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.

«Ұлттық киім кию» челленджі

2024 жылдың 18 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары және ұстаздары «Ұлттық киім кию» челленджіне белсене қатысты.
Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«AMANAT 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «AMANAT 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы
Егер сені ұрып-соқса, егер саған көмек керек болса, егер сені біреу қорқытса немесе ренжітсе, егер өзіңе немесе досыңа қауіп төніп тұрса 111 нөміріне хабарлас. Қоңырау шалу тегін!

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
"Ұлт келбеті-жас маман" аудандық жас мамандар ассоциациясының қорытынды слеті
20.05.2024
7.jpg
“Өнер, Әскер, Спорт” апталығы бойынша винтовкадан ату сайысы
18.04.2024
7.jpg
М. ЖМағжан Жұмабаевтың 120-жылдығына орай “Мағжан жырлары” атты мектепішілік мәнерлеп өлең оқу байқауы
17.04.2024
7.jpg
Ресурстық орталыққа кіретін Шұқыркөл орта мектебінің 8 – 9 сынып оқушыларымен жоспарға сай «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында онлайн түрде пікір талас өткізді
17.04.2024
7.jpg
12 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «9 айға - 9 іс-шара» жобасы аясында «Шахмат ойнау» челленджі өтті.
12.04.2024
7.jpg
Кәсіптік бағдар апталығы
07.04.2024
7.jpg
«Мектеп-ата-ана-оқушы»
29.03.2024
7.jpg
“Мектеп ұжымының біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру” тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес
27.03.2024
7.jpg
#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ
22.03.2024
7.jpg
«Жаса, Наурыз, дәстүрлі»
20.03.2024
7.jpg
«Ұлттық киім кию» челленджі
18.03.2024
7.jpg
«AMANAT 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы
12.03.2024