Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

Жазғы мектеп жоспарына сай бастауыш сынып оқушыларына Жазғы мектеп жұмыс жоспары бойынша пикник ұйымдастырылды.

«Жазғы мектеп» жоспарына сай 29 мамыр күні бастауыш сынып оқушыларына  Жазғы мектеп  жұмыс жоспары бойынша  пикник ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтарын кеңейту, табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар таза ауада, жақсы демалып уйлеріне жақсы көңіл күйлерімен қайтты.

31- мамыр күні 11- сынып оқушылары алгебра пәнінен мемлеттік емтихан тапсырды.

31- мамыр күні 11- сынып оқушылары алгебра пәнінен мемлеттік емтихан тапсырды. Білім алушылар емтиханды сәтті тапсырып шықты. Екі үздік аттестат иегерлері мұғалім еңбегі мен ата-ана үмітін  өз бағаларымен дәлелдеді.

Жазғы мектеп жоспарына сай ағылшын тілі мұғалімі Смагулова А. Т. 5-6 сынып оқушыларымен бірге «Sport» тақырыбының бөлімін қайталау барысында ойын ретінде өткізді.

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ Жазғы мектеп жоспарына сай ағылшын тілі мұғалімі Смагулова А. Т. 5-6 сынып оқушыларымен бірге «Sport» тақырыбының бөлімін қайталау барысында ойын ретінде өткізді. Оқушылар тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейтіп, іс әрекет жасап, сабаққа деген қызығушылықтарын танытты

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай математика пән мұғалімдері Г.А Алгожина мен А.Р. Идрисова 8- сынып оқушыларымен квест ойынын өткізді.

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай математика пән мұғалімдері Г.А Алгожина мен А.Р. Идрисова 8- сынып оқушыларымен квест ойынын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және математикаға қызығушылықтарын арттыру.

2024 жылдың 29 мамыр күні 9-сыныптар негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау үшін алғашқы мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды

2024 жылдың 29 мамыр күні 9-сыныптар негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау үшін алғашқы мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын сағат 10:00 де бастады. Емтихан қазақ тілінен жазбаша (эссе) түрінде жүргізілді. 9- сыныптарда барлығы 37 білім алушы, оның ішінде үздік аттестатқа үміткерлер саны-5

Жазғы демалыс қауіпсіздік ережелері

🌞 Жаз – балалар мен олардың ата-аналарының асыға күтетін жыл мезгілі. Құрметті ата - аналар! Жазғы демалысты қызықты өткізуде қауіпсіздік ережелерін сақтауды да жадыңыздан шығармаған абзал. Осы мақсатта жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша жадынамамен таныс болыңыздар!

«Жазғы мектеп» – бұл балалардың белсенді демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі.

«Жазғы мектеп» – бұл балалардың белсенді демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі. Новоишим қазақ орта мектебінің аясында 27 мамырдың 2024 жылы  жазғы мектеп өз жұмысын жоспарға сәйкес бастады. Жазғы мектептің мақсаты – оқушылардың оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, соның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында жүзеге асыру аясында салтанатты түрде ашылды

«Жазғы мектеп» жоспарына сай кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина мен мектеп психологі М.А Берденова 5-6 сынып оқушыларын «Семейный» супермаркетіне "Пицца" әзірлеуден шеберлік сабақ

27 мамыр күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина мен мектеп психологі М.А Берденова 5-6 сынып оқушыларын «Семейный» супермаркетіне "Пицца" әзірлеуден шеберлік сабаққа апарды. Балалар өз қолдарымен пицца әзірлеп, шеберліктерін танытты. Мақсаты: кәсіп таңдауға бағдарлау.

«Мектебім, саған мың алғыс!»

2024 жылдың 25 мамыр күні  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 11  сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!»  атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік форматта өткен іс-шарада түлектерден  ұстаздарға алғыс әндер орындалды,  ата-аналар атынан алғыс тілектер айтылды. Сонымен қатар пәндер бойынша үздік түлектер мен қоғамдық жұмыс белсенділерін марапаттау рәсімі өтті

«Білімім – Отаныма»

# bilimim_otanyma
2024 жылдың 24 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 1-10 сыныптар аралығында «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өтті. Сынып сағаты Әнұранның орындалуымен басталып, Қазақстан Республикасының оқу - ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтауымен жалғасты. Сынып сағаттарға ата-аналар да қатысты. Әр сыныпта оқушылар жетістіктері үшін марапатталды.

«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, жазда судағы қауіпсіздік ережелері»

Ұлттық_мектеп_лигасы
2024 жылдың 23 мамыр күні әлеуметтік ұстаздар Алгожина А.Қ., Байбулатова А.Н., АӘТД педагог-ұйымдастырушысы Р.Е. Еслямов, төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Төрегелдиев Ержан Қанатұлы, азаматтық қорғаудың төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімінің аға тергеушісі, азаматтық қорғау капитаны Сулеймеков Данияр Есенғалиұлымен бірлесе отырып 9,10 сыныптармен «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, жазда судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты:
оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беру;
судағы, табиғаттағы, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу;
өрт болған кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту.

«Темір жол- қауіпті аймақ»

2024 жылдың 23 мамыр күні тәрбие ісі орынбасары Амиржанова Б.К., әлеуметтік ұстаздар Алгожина А.Қ., Байбулатова А.Н., әскерилендірілген темір жол күзеті бастығының орынбасары Молдагаипов Ботажан Аусатұлы, «Жаңа Есіл» теміржол станциясының бастығының орынбасары Кагыбатов Ризабек Токтарұлы, «Жаңа Есіл» станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері Нурикенов Гумар Байгенжеұлымен бірлесе отырып 8,9,10 сынып оқушыларымен «Темір жол- қауіпті аймақ» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты: темір жол – қауіпті аймаққа жататыны туралы түсінік беру, жол ережесі, жол белгілері туралы білік-дағдыларын дамыту, жолда жүру ережесін есте сақтау.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
Жазғы мектеп жоспарына сай бастауыш сынып оқушыларына Жазғы мектеп жұмыс жоспары бойынша пикник ұйымдастырылды.
29.06.2024
7.jpg
31- мамыр күні 11- сынып оқушылары алгебра пәнінен мемлеттік емтихан тапсырды.
31.05.2024
7.jpg
Жазғы мектеп жоспарына сай ағылшын тілі мұғалімі Смагулова А. Т. 5-6 сынып оқушыларымен бірге «Sport» тақырыбының бөлімін қайталау барысында ойын ретінде өткізді.
30.05.2024
7.jpg
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай математика пән мұғалімдері Г.А Алгожина мен А.Р. Идрисова 8- сынып оқушыларымен квест ойынын өткізді.
30.05.2024
7.jpg
2024 жылдың 29 мамыр күні 9-сыныптар негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау үшін алғашқы мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды
29.05.2024
7.jpg
Жазғы демалыс қауіпсіздік ережелері
29.05.2024
7.jpg
«Жазғы мектеп» – бұл балалардың белсенді демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі.
27.05.2024
7.jpg
«Жазғы мектеп» жоспарына сай кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина мен мектеп психологі М.А Берденова 5-6 сынып оқушыларын «Семейный» супермаркетіне "Пицца" әзірлеуден шеберлік сабақ
27.05.2024
7.jpg
«Мектебім, саған мың алғыс!»
25.05.2024
7.jpg
«Білімім – Отаныма»
24.05.2024
7.jpg
«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, жазда судағы қауіпсіздік ережелері»
23.05.2024
7.jpg
«Темір жол- қауіпті аймақ»
23.05.2024