Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

«Жасөсіпірім және заң»

#Біртұтас_тәрбие

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 2024 жылдың 23 қазан күні жоспарға сәйкес әлеуметтік педагог А.Байбулатованың жетекшілігімен 5 – 7 - сынып оқушыларына «Жасөсіпірім және заң» тақырыбында дәріс өткізілді.Мақсаты:Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу, оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселесін талқылау. Оқушыларға жауапкершілік туралы және олардың түрлерімен таныстырылды.

«Бір ел - бір кітап» акциясы

2024 жылдың 15 қазанында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кітапханашысы А.А.Шериязданова «Бір ел - бір кітап» акциясы ,«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай мектеп оқушыларына ақпараттық сағатты ұсынады.

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы «Қостөбе» ауылында туған. 1991 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949). Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында жұмыс істеген. 1952-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарған.

Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман жазды. Солардың ішінде «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» атты туындылары қаламгерді даңққа бөлеп, өшпес атын қалдырды. Оқырманға бұлардан басқа тағы «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Дала жұлдызы», «Аяжан», «Гауһар» секілді поэзиялық және прозалық жинақтар ұсынған.

Жазушының 1957 жылы жарыққа шыққан «Менің атым Қожа» повесі балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы сол кітап бойынша кино шығарды. Фильм француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болған.

«Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар»

2024 жылдың 14 қазанында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кітапханашысы А.А.Шериязданова кәсіптік бағдар беру бойынша «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» атты көрмені мектеп оқушыларына ұсынды.

Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүние танымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өзбейімділігін тануы қажет.

"Әжелер мектебі"

Әжелер мектебі

Қауіпсіздік_техникасы

#Оқужаттығулары
#Қауіпсіздік_техникасы
2024 жылдың 27 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де бірінші ауысым оқушылары үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының тапсырмасына сәйкес білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдерді пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығулар аясында келесі манызды мәселелер пысықталды:
- мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымына алгоритмдерге, іс-қимылдар мен міндеттерге сәйкес нұсқама берілді.
- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау берілді
- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау ұйымдастырылды.
Мақсаты: білім беру объектісін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру, оқушылардың, мұғалімдердің, қызметкерлердің қауіп төнген жағдайда тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жедел әрекет етуіне назар аудару.

“Дін саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік” және “ Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал”

#Біртұтас_ тәрбие

2024 жылдың 25 қыркүйек күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де “Дін саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік” және “ Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал” тақырыбында кездесу өтті. Абай облысы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ директоры Өмірханов Мақсат Ерланұлы, Жастар ресурстық орталығының теологі Ермек Мыңжасармен кездесуге 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Іс-шара барысында оқушылар діннің бағыттарымен танысып, басқа ағымдағы діндерден аулақ жүруге кеңес алды. Оқушыларға жалпы әлемде болып жатқан террорлық әрекеттер туралы, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану керектігін, олардың қоғамға тигізер зияны туралы сөз қозғады. Шара сонында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.
Cонымен қатар Мақсат Ерланұлы сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерімен аталмыш тақырыпта жеке әңгімелесу жргізді.

«Оқуға құштар мектеп»

#Оқуғақұштармектеп

2024 жылдың 18 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу оқушыларымызға берілген тамаша мүмкіндік. Соған орай мектебімізде  кітап оқу сағаты жалғасуда.

Мақсты: Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру,тәрбиелеу,кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу.

"Кітап дегеніміз - қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Кітап оқу адамның рухани дамуына үлкен әсер етеді. Тұрақты түрде кітап оқудың тағы да бір пайдасы: оқушылардың сөздік қоры артады. Өйткені, кітаптың беттерінде күнделікті өмірде қолданылмайтын сөздер кездеседі. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.

“Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы

2024 жылдың 12 қыркүйек күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
I. 2024-2025 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. /ТІО Амиржанова Б.К./
1) Мектептің ішкі тәртіп ережелері.
2) Біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асырылуы туралы.
3) Қауіпсіздік сабақтары туралы
4) Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру
II. Мерекелерді ұйымдастыру тәртібі туралы / Төрегелді М.А./
III.Әр-түрлі ұйымдастырушы сұрақтар
Нәтижесінде қорытындылар жасалып, ұсыныстар берілді.

Жас ата-анаға кеңес айдары

Жас ата-анаға кеңес айдары
Баланың қауіпсіздігі: Үйде электр қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз. Розеткаларды жабатын қақпақтар қолданыңыз және қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Тәртіп пен тұрақтылық: Балаларға тұрақты күн тәртібін орнату маңызды. Бұл олардың қауіпсіздік сезімін арттырады және тәртіпке үйретеді.
Сүйіспеншілік пен қолдау: Балаларыңызға сүйіспеншілік пен қолдау көрсетіңіз. Олардың жетістіктерін мадақтап, қиындықтарда қолдау көрсетіңіз.
Денсаулық пен тамақтану: Балаларыңыздың дұрыс тамақтануын қадағалаңыз және денсаулықтарын бақылаңыз. Дұрыс тамақтану мен дене шынықтыру олардың дамуына оң әсер етеді.
Ойын мен білім: Балаларға ойын арқылы білім беру маңызды. Ойындар арқылы олар жаңа дағдыларды үйреніп, әлемді таниды.
Сабырлық пен түсіністік: Балалармен қарым-қатынаста сабырлы және түсінікті болыңыз. Олардың сезімдерін тыңдап, түсінуге тырысыңыз.

" Отбасым- қорғаным, ата- анам- тірегім

#біртұтас_тәрбие
2024 жылдың 9 қыркүйек күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де 1-11 сыныптарда " Отбасым- қорғаным, ата- анам- тірегім" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа,ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тоғызқұмалақ күні

#біртұтас_тәрбие
#тоғызқұмалақ
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 2024 жылдың 9 қыркүйек күні Тоғызқұмалақ күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің оқушылары мен ұстаздары дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақ ойынына белсене қатысты.

АТА- АНАЛАРҒА «МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы.

АТА- АНАЛАРҒА «МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы.

2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында 1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес:

✅1)Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;

✅2) Қыздардың мектеп формасы: қара көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет, қара-көк түсті белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.

✅3) Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, куртка, ақ футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды) тұрады.

✅4)Мектеп формасына түрлі ❌ діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды ❌❌❌

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
«Жасөсіпірім және заң»
23.10.2024
7.jpg
«Бір ел - бір кітап» акциясы
21.10.2024
7.jpg
«Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар»
17.10.2024
7.jpg
"Әжелер мектебі"
04.10.2024
7.jpg
Қауіпсіздік_техникасы
27.09.2024
7.jpg
“Дін саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік” және “ Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал”
25.09.2024
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп»
18.09.2024
7.jpg
“Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы
17.09.2024
7.jpg
Жас ата-анаға кеңес айдары
11.09.2024
7.jpg
" Отбасым- қорғаным, ата- анам- тірегім
09.09.2024
7.jpg
Тоғызқұмалақ күні
09.09.2024
7.jpg
АТА- АНАЛАРҒА «МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы.
06.09.2024