ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕ

АДАМ САУДАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР

АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ (САБ) МЕН ЖЕР ҮСТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЖӨНІНДЕГІ ЕСКЕРТПЕ

Жалпы жадынама

Ескертпе

" Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы"
#Қоғамдық_тыңдаулар
#Біртұтас_ тәрбие
2025 жылдың 23 қаңтар күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де 2024-2025 жылдың 1- ші жартыжылдық бойынша " Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы" тақырыбында ата-аналар алдындағы қоғамдық тыңдаулар өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
I бөлім
1- ші жартыжылдықтағы үлгерім қорытындысы. /ОІО Жолдаспаева Г.М./
2. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру” / ТІО Амиржанова Б.К/
3."Ата – аналар мектебі" жобасын іске асыру шеңберінде "Қыздың ар-намысы-ұлттың ар-намысы" тақырыбында дәріс. /Психолог Берденова М.А./
4."Балаларды тәрбиелеудегі әкенің рөлі». / Психолог Сердалина Т.Б./
5.2024-2025 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы есеп / Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Искакова Т.Б./
6.Әр түрлі сұрақтар

II бөлім.
Баланың үлгерімі туралы ақпарат алу үшін ата аналардың пән мұғалімдерімен кездесуі.
Педагог-психолог қабылдау кестесі
"Новоишим қазақ орта мектебі"КММ-нің педагог-психологы М.А.Берденова және Т.Б.Сердалинаның қабылдау кестесі.Оқу процесіне қатысушыларға, ата-аналар мен ұстаздарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында жұмыс кестесін ұсынамыз
Кәсіптік бағдар
9 қаңтар күні кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинаның ұйымдастыруымен «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 2024 оқу жылының түлектері «Олар бізөдің мектепте оқыды» деген тақырыпта 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, өздерінің мамандықтары, оқып жүрген университеттері, студенттік өмірдің барысы туралы айтып, ой бөлісті. Студент болудың алғышарты ҰБТ-ға дұрыс дайындалу керек екенін нақты айтты. Университетті дұрыс таңдаудың маңызды екенін де ескертті. Мектепте оқу мен университетте оқудың үлкен айырмашылығы болатынын түсінгендерін айтты.
"Оқуға құштар мектеп"

"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараның белсенді қатысушысы Айнадин Раяна. Сынып жетекшісі Сарсенбаева Р.С.

Мақсаты: Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, кітапты сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Тоқсандық жиынтық бағалау
2024 жылдың 23- желтоқсаннан 26- желтоқсан аралығында білім алушылардың функционалдық сауауттылығын дамыту барысында тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары бойынша мектеп мұғалімдері 2 Новоишим орта мектебі мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
"Ауыл мектебі - сапа алаңы" республикалық жобаның қорытындысы
Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылдың 26 желтоқсан күні ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим қазақ орта мектебінің оқу ісі орынбасары Жолдаспаева Г. М. қатысты. Кездесу барысында "Ауыл мектебі - сапа алаңы" республикалық жобаның қорытындысы шығарылды. Кездесу жаңа форматта өтіліп, білім саласына қатысты өзекті сұрақтар қозғалды. Шара соңында Жолдаспаева Г.М. білім жолында қосқан үлесі үшін Оқу -ағарту Министрінің "Оқу ісінің шебер ұйымдастырушысы" дипломымен марапатталды.
Жетістіктер
#Біртұтас_ тәрбие
2024 жылдың 23 желтоқсан күні саптүзеуде «Менің Тәуелсіз Қазақстаным!» тақырыбында өткен эссе байқауының женімпаздары, Грек-рим күресінің облыстық фестивалінің жеңімпаздары, еркін күрестен өткен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мадақтамалар мен медаль, кубоктармен марапатталса, химия пәні мұғалімі Төрегелді М.А. педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңінде 3 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар тәрбие ісі орынбасары Амиржанова Б.К. оқушыларды Жаңа жылдық шыршалар кезінде, қоғамдық орындарда және басқа адамдар көп жиналатын орындарда өзін-өзі ұстау ережелерімен, пиротехникалық құралдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды.