Коммунальное государственное учреждение «Новоишимская казахская средняя школа» коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусирепова» коммунального государственного учреждения
«Управления образования акимата Северо-Казахстанской области
19 қазан Республика күніне орай Ғылым және жоғары білім Министрлігі жариялаған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай эссе күні өткізілді. Мақсаты: оқушылар бойында азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған. Мектепішілік бірыңғай эссе күніне 5-11- сынып оқушыларынан 248 оқушы қатысты. Оқушылар өз жұмыстарында Қазақстанның болашағына және оның осы болашақты қалыптастыруға қатысуына қатысты көзқарасы мен үміттерін бейнеледі. Еркін ойлады. Болашақты модельдеді.
Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 11 қазан күні Халықаралық қыздар мерекесіне орай мектеп психологі, әлеуметтік ұстаз және мектеп медбике жетекшілігімен 8-10 сынып қыздарымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жасөспірім қыздарға дәріс, кеңестер беріліп, бейнероликтер көрсетілді.
2022 жылдың 11 қазан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б. А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Дүкенбай Досжановтың 80 жылдығына арналған кітап көрме ұйымдастырылды.
8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Ең нәзік сөздердің гүл шоғы" онлайн бейнеқұттықтаулар жобасына қатысты.
4 наурыз күні 8-11 сынып оқушылар арасында "Көктем аруы-2022" байқауы өтті. Нәтижесінде байқаудың жеңімпазы 8 Ә сынып оқушысы Абдуллаева Назерке болды.
Қуанышты да көктемгi күн — 8 Наурыз мерекесi жақындап келедi! Осыған орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кiтапханасында «Сыйынар ем, АНА деген тәңірге...» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды.
3 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 5-7 сынып қыздары арасында "Көктем аруы- 2022" атты байқау өтті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша "Көктем аруы- 2022" атағына 6"А" сынып оқушысы Мырзагелді Аяжан ие болды.